Бекітілгенге жоспарға сәйкес, Қарағанды облысының ОӘО «Функционалдық сауаттылық апталығы» жобасын іске асыру мақсатында 2021 жылдың 18-22 қаңтары аралығында КМҚК «Гүлдер» бөбекжайында» оқу сауаттылығы апталығы іс-шаралар жоспары бойынша өтті.
Мақсаты: «Әжемнің әңгімесі», «Жас оқырман» жобаларын іске асыру арқылы оқырман сауаттылығын дамыту, тәрбиеленушілерді кітап мәдениетіне баулу бойынша топтардағы жұмысты іске асыру.
Міндеттері:
-мектепке дейінгі жастағы балалардың көркем әдебиетке қызығушылықтарын арттыру;
-балаларды кітапқа мұқият қарауға тәрбиелеу, ізденіс және шығармашылық, ойлау қабілеттілігін арттыру, кітапқұмарлар әлеміне бастама жасау;
-балаларда оқу қызығушылығын дамытуға, кітапқа деген жауапкершілік пен сүйіспеншіліктерін арттыруға ата – аналарды ынталандыру;
-мектепке дейінгі жастағы балаларда оқу сауаттылығын тәрбиелеу.


