Елімізде «Алғыс айту күні» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 173 жарлығымен бекітілді және жыл сайын 1 наурызда атап өтіледі. «Алғыс айту күнін» мерекелеудің жаңа дәстүрі «Мәңгілік Ел» бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негіізінде нығайтудың мән мәтінінде Қазақстандық құндылықтарды бейнелейді. Бұл мереке елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділк пен барлық Қазақстандылықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болғанбейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні болып саналады.
Алғыс айту күнінің мақсаты - өскелең ұрпақтың бойында төзімділік, бір-біріне деген құрмет пен достық сезімдерін қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстандағы этносаралық келісім мен ұлтаралық қатынастарды нығайту.
Осыған байланысты барлық топтың тәрбиешілері ұрпақты патриотизмге, жоғары-мәдени адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу мақсатында «Алғыс айту күні» тақырыбы бойынша тақырыптық сабақтар өткізді.


