2021 жылдың 15-19 наурыз аралығында Наурыз мерекесіне орай бөбекжайда «Наурыз жаңару мерекесі» атты тақырыптық апталығы өтті.
Апта топтар мен бөбекжай ғимаратын мерекелік безендіруден басталды. «Наурыз көктем мерекесі» атты балалардың суреттер және қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Тәрбиешілер балаларға «Наурыз жақсылық пен бейбітшілік мерекесі» атты тақырыптық әңгімелер, ҰОҚ ті, «Наурыз мейрамы» атты презентациясын балалар тамашалады. Дене шынықтыру нұсқаушылары балалармен «Наурыз мейрамы» атты спорттық ойын-сауық дайындап өткізді. Онда балалар қазақтың ұлттық ойындарын ойнады. Үлкен топтар «Наурыз көже» мен мектепке дейінгі топтарда «Наурыз тамаша!» атты мерекелік іс-шаралар өтті. Мерекелік іс-шарада балалар қазақ,орыс тілінде тақпақтар айтып,ән салды және билер билеп,қазақтың ұлттық ойындарын ойнады. Бөбекжай педагогтері облыстық онлайн «Көрпе FEST» челленджінде қатынасты. Тақырыптық апта мерекелік концертпен және салтанатты түрде балабақша қызметкерлерін құттықтаумен аяқталды.


