КҚМК «Гүлдер» бөбекжайында 2021 жылғы 4-6 мамыр аралығында «Жеңіс күні - мамырдың шуағы!» тақырыптық апталығы өтті. Педагогтер ата-аналар бұрыштарында көрнекі ақпарат дайындап, онда алдағы мереке туралы ақпарат орналастырды. Барлық топтарда тәрбиешілер «Жеңіс күні» презентациясын балалар мен бірге көрді. «Жеңіс күні» тақырыптық әңгімелер өткізді. Тәрбиешілер армия, екінші дүниежүзілік соғыс, соғыс қаһармандары туралы балаларға оқып берді, әңгімелесті. Музыкалық жетекшілер мен дене шынықтыру нұсқаушылары «Жеңіс үшін атама рақмет!» атты музыкалық-дене шынықтыру іс шарасын өткізді, балалар әндер шырқады, өлең оқып, би биледі.


