«Абай әлемі - біздің бағыттаушы жұлдызымыз ... Әркім өз халқының әл-ауқаты, оның күші мен өркендеуі үшін қам жесе оның ақыл-кеңесін ескерсін!»
Н.Назарбаев
2010 жылдың 3 наурызында балабақшада қазақтың ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясы аясында балабақша тәрбиеленушілері арасында «Дана бал» атты оқырмандар сайысы өтті. Сайыссқа 5-6 жастағы балалар қатысты.
Мақсаты: балаларды Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыру және олардың еңбектерін оқуға қызығушылықтарын ояту; мектеп жасына дейінгі балаларда мақтаныш сезімін тәрбиелеу, ұлы ақын Абай Құнанбаевты құрметтеу.
Абай – жалпы адамзаттық рухани ғаламы, даналықтың жарқын көрінісі ...
Байқауға қатысушылар Абай Құнанбаветың түрлі тақырыптағы өлеңдерін қазақ және орыс тілдерінде мәнерлеп оқыды. Барлық балалар өздерінің шеберлігі мен ұлы қазақ ақынының шығармашылығына қызғушылығын көрсетті. Бұл оқиға Абай Құнанбаевтың шығармашылығына деген қызығушылықтың өскенін көрсетті және бұл өте қуанышты.
Абай - мұра, ұрпақтан - ұрпақ жалғаған,
Өсиеті назардан еш қалмаған.
Білім, еңбек, еркіндікті арман ғып,
Жас қауымға насихаттап жырлаған.


