Абай - мұра, ұрпақтан - ұрпақ жалғаған,
Өсиеті назардан еш қалмаған.
Білім, еңбек, еркіндікті арман ғып,
Жас қауымға насихаттап жырлаған.
Абай - дана, Абай - дара қазақта,
Оқылмаған ұлы Абайды қазақ па?
Қазақ даңқын асқақтатқан әлемге,
Абай теңдес ақын болмас қазақта.
№8 «Гүлдер» балабақшасы қазақ халқының ұлы перзенті, ақын философ, ағартушы, композитор, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің және оның алғашқы классигінің негізін қалаушы Абайдың 175 жылдығына арналған «Абай жауған бір сәуле үшін» қалалық фестиваль-эстафетасына қатысты.
13 наурыз 2020 ж. №8 «Гүлдер» балабақшасының педагогтері «Абай Әлемі» театрландырылған қойылымын көрсетті. Балабақша педагогтері өлең оқыды, әндер шырқады және Абай Құнанбаевтың қара сөздерін сахналады. Музыкалық бөлме тақырып бойынша эстетикалық түрде безендірілді. Қатысушылар қазақтың ұлттық киімдерінде болды. Театрландырылған қойылымға қатысушылар Абай Құнанбаевтың әр тақырыптағы өлеңдерін көркем түрде оқып, кейіпкерлерінің образдарын жасады. Бұл шара Қазақтың ұлы ақыны мен ойшылы Абай Құнанбевтың шығармашылық мұрасын зерделеуге педагогтердің қызығушылығы мен құрметін тереңдетуге арналған.


